Президент
1 мин оқу 80
Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.
«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», делінген құттықтауда.
Бөлісу:
