Шоколад музейі

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда Орталық Азиядағы алғашқы шоколад музейі жұмысын бастады. Жоба &laquo;Iman Chocolate &amp; Fruits&raquo; компаниясының бастамасымен жүзеге асқан.</p>

Шоколад музейі

Экспозицияда көне өркениеттер­дің тағам мәдениеті, сондай-ақ әлемге әйгілі сәулет туындылары мен тарихи тұлғалардың шоколадтан жасалған мүсіндері қойылған. Мұнда барлығы 19 экспонат бар. Көрмеде Ташкент пен Самарқандтағы әйгілі медреселер, Әлішер Науаи мен Әмір Темірдің бейнелері, сондай-ақ Тәж-Махал, Эйфель мұнарасы, Азаттық мүсіні, Колизей мен Таностың қолы сияқты жаһандық рәміздер шоколад түрінде бейнеленген. Бұл мәдени жоба Өзбекстандағы гастрономиялық туризмді дамытудың жаңа бір бағытына айналмақ.

Бөлісу:
Шоколад музейі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар