Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 20
Роботтар марафоны
<p style="text-align: justify;">Қытайда адам тәрізді роботтар ара­сындағы алғашқы жартылай марафон өтті. Тарихта тұңғыш рет ұйым­дастырылған ерекше додаға Бей­жің, Шанхай, Гуанчжоу, Цзянсу сын­ды өңірлерден 21 кәсіпорын мен жоға­ры оқу орнының командалары қатыс­қан.</p>

Әдеттегі марафонда спортшылар бір сәтте жарысты бастаса, бұл сайыста роботтар бірінен соң бірі жолға шықты.
21 шақырымдық жартылай марафонда роботтар спортшылармен қатарласып жүгірді. Қауіпсіздік мақсатында екі топқа бөлек жолақтар бөлінген. Осылайша, бұл іс-шара роботтехника мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, болашақта роботтардың қоғамдық өмірге белсендірек араласуы мүмкін екенін де әйгіледі.
Бөлісу: