Театр
2 мин оқу 30

Кішкентай көрерменге сахналық сый

<p style="text-align: justify;">Ұлттық кітап күні қарсаңында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры жас көрерменге ерекше сый тартты. Әлемге әйгілі неміс жазушысы Отфрид Пройслердің балалар әдебиетіндегі жауһары саналатын &laquo;Кішкентай си&shy;қыршы&raquo; повесінің желісімен сахналанған &laquo;Орман ға&shy;жайып&shy;тары&raquo; атты жаңа қойылымның премьерасын ұсынды.</p>

Кішкентай көрерменге сахналық сый

Балалар әдебиетінің алтын қорынан орын алған бұл шығарма – жақсылық пен зұлымдық, батылдық пен мейірім, адалдық пен ізгілік тақырыптарын қозғайтын ойлы дүние. Ертегі кейіпкерлерінің сахнаға шығуы – кітапқа деген сүйіспеншілікті жаңа деңгейге көтерудің сәтті үлгісі болғандай.

Спектакль режиссері – Антон Зайцев. Оның шығар­ма­шылық жетекшілігімен теат­р репертуары «Ана жүрегі», «Абай. Мен бір жұм­бақ адаммын...» «Үйшік», «Бауырсақ» сияқты бас­қа да қойылымдармен жаңа тыныс алып, заманауи режис­серлік шешімдер мен тың шығармашылық бағыттар арқылы жаңаша түр­леніп, өзгеше лепке ие болды.

Ал қойылымның сахналық көркемдеуін жасаған – Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының директоры Әсия Құрманалина. Оның бейнелік шешімдері мен сахналық кеңістікті тани білетін кәсіби талғамы спектакльдің эс­тетикалық деңгейін ай­рық­ша биікке көтереді. Қойылымның музыкалық әлемін композициялық үйле­сіммен әрлеген – Андрей Долгоруков, ал сахналық қоз­ғалыс пен пластикалық кө­ріністерді хореографиялық тәсілдер арқылы мазмұнды еткен – Арыстан Түйжанов.

Ертегіде 15-тен аса түрлі қуыршақ түрі сахнаға шығады. Жас көрермен планшетті, трос­ты, паркетті, бойлы сынды сан алуан қуыршақ түрлерінің сиқырлы әлеміне еніп, әр кейіпкердің болмысы мен мінезіне терең үңіле алды. Әр қуыршақтың өзіндік пластикасы мен бейнелік шешімі арқылы спектакль көркемдік тұр­ғыдан байып, көрушіге ерекше эстетикалық әсер сыйлады.

Сондай-ақ премьера аясында Алматы қаласының Орта­лықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп кітап көр­месі ұсынылды. Аталған көрме жас көрерменнің кітап оқуға қызығушылығын оятып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың рухани дамуына жол ашуды мақсат етеді.

Бөлісу:
Кішкентай көрерменге сахналық сый · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар