Басылым
2 мин оқу 110

Өшпес ерлік өнегесі

<p style="text-align: justify;">Тамам жұртқа танымал талантты журналист Майя Бекбаеваның ұлт&shy;қа қыз&shy;&shy;мет етуді көзде&shy;ген берік ұста&shy;нымы бек ұнай&shy;&shy;ды. Қа&shy;зақ&shy;&shy;тың қилы тари&shy;&shy;хын қоз&shy;ғаған, тұғыры биік тұл&shy;ға&shy;ларымыздың тағ&shy;&shy;&shy;&shy;дыры туралы терең&shy;нен тол&shy;&shy;&shy;ға&shy;ған тұшымды те&shy;ле&shy;&shy;&shy;ви&shy;&shy;зия&shy;лық туынды&shy;лары кө&shy;кі&shy;&shy;регі ояу көрер&shy;мен&shy;нің көз&shy;&shy;айы&shy;мына айнал&shy;ғалы қашан.</p>

Өшпес ерлік өнегесі

Алашқа аты кеткен жақсы-жайсаң­дары­мыз жайындағы жүз­деген деректі фильмін көгіл­дір экраннан көріп, көңіл көн­шіткенімізді атап өтудің артық­ты­ғы жоқ сияқты. Ең бас­тысы, автор бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Соның арқа­сында арғы-бергі заман­дар­дағы маңдайға басар марғас­қала­­ры­мыздың өміріндегі өзіміз біле­тін және білмейтін біраз жай­ға қанықтық. Өзге әріп­тес­­те­рімізге үлгі-өнеге етуге ла­йық бұл үздік үрдіс алдағы уақыт­­тарда да жалғасады деген үміттеміз.

Бізді Майя­ның ақпарат айдынындағы әмбебаптығы еріксіз тәнті етеді. Жүйрік журналистігіне режис­серлігі мен продюсерлігі, әлеуметті бау­рар әртістігі қосылып қарын­да­сымыздың қабілет-қары­мын айшықтай түскендей.

Белгілі Бекбаеваның кейінгі кездері жазба жур­на­листиканың да ауылына ат арқандап, тарихи-танымдық туындыларға бет бұрғанын жақсылықтың белгісі ретінде қабылдағанымыз жөн... Бағалы бастаманың алғашқы жоралғысы ретінде Жошы хан хақындағы елеулі еңбегі жақында оқырманға жол тарт­қанынан хабардармыз.

п

Елорданы елеңдеткен «Astana Eyrasian Book Fair-2025» халық­аралық көрме-жәрмеңкесі аясында оның қазақ және орыс тілдерінде шыққан «Қазақстан: жеңіске қосқан үлесі. 1941–1945» атты альбом-кітабының беташар рәсімі болды. Автордың айтуынша «Бұл кітап Отанын қорғаған, тылда еңбек еткен, болашақ ұрпақ үшін өздерін құрбан еткен батырларға арналған естелік».

Адамзат тарихындағы ең ала­пат қырғын – Екінші дүние­жүзілік соғысқа қазақ­стан­дық­тардың қатысуы – таусылмай­тын тақырып. Қаншама кино түсіріліп, әдеби-көркем шы­ғар­малар жазылды. Есебіне жету еш мүмкін емес. Майяның мына кітабы да телегей теңізге қо­сыл­ған бір тамшыдай тәбәрік дүние екені талассыз.

Мұнда негізінен кешегі күндей күркіреп өткен сұра­пыл соғыстағы жерлестеріміз­дің өшпес ерлігі ­баяндалады. Нақ­тылай түссек, ел басына екі­талай күн туғанда қай­сар­лық пен қаһармандықтың қай­та­лан­бас үлгісін көрсеткен Бауыр­жан Момышұлы, Әлия Мол­да­ғұлова, Рақымжан Қош­қар­баев, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Хиуаз Дос­панова, Қасым Қайсенов, Талғат Бигел­динов секілді батыр­ла­ры­мыз­дың өнегелі өмір жолдары пуб­ли­цис­тикалық пафоспен өріледі. Де­ректер мен дәйектер, сирек кез­де­сетін суреттер, майдан­нан жол­данған мәнді хаттар кітап құн­ды­лығын арттырып тұрғаны анық.

Айтпақшы, аталған кітап «Arman – pv» baspasy» Майя Бек­баевамен бірлесіп қолға алған «Тарих тағылымы» жобасы ая­сында жарық көріп отыр. Идея авторы – осы баспаның бас ­директоры Дидара Алина. 

Бөлісу:
Өшпес ерлік өнегесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар