Медицина
1 мин оқу 40

Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды

<p style="text-align: justify;">Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды

Отаға онкоурология орталығының жетекшісі Хусан Умурзаков басшылық жасап, Sage bot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық платформасы қолданылған. Платформа көмегімен науқастың бір бүйрегі алынып, ағза лимфалық түйіндерден тазартылған.

Sage bot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық платформасының негізгі артықшылықтары: 

- қатерлі ісіктің кеңінен тараған формаларына қарсы тиімділігі;

- науқастың денесіне барынша көп жарақат салмай ота жасау;

- ота жасалатын орынға 3D-визуализация жасау;

- микрохирургиялық дәлдік;

- операциялық бригадаға түсетін жүктеменің азаюы;

«Бұл оқиға Қазақстанның онкохирургия саласының дамуындағы маңызды кезең. Жаңа технологияларды енгізу пациенттерге ең қиын клиникалық жағдайларда да көмек беруге мүмкіндік береді», деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Ербол Бекмұхамбетов.

Бөлісу:
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды · Egemen Qazaqstan