Электрпойыз өндірісі өркен жайды
<p style="text-align: justify;">«Railways Systems KZ» компаниясына қарасты ЗИКСТО зауытынан жақында екінші электрпо­йыз шығатынын Өнеркәсіп және құрылыс минис­трлігінің баспасөз қыз­меті хабарлады. Алты вагоннан тұратын ал­ғашқы электрпойыз 2024 жылдың аяғында шыққан еді. Ол ұлт­тық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания­сына беріліп, қазір Астана – Бурабай бағытында жолаушылар тасымалдап жүр.</p>

Енді екіншісі мамыр айында пайдалануға берілгелі отыр. Жалпы, зауыттан тағы бір электрпойыз шығады. Сериялық қатарға енгенде 20 электрпойыз шығару көзделген.
ЭПЗД деп аталған бұл пойыздар «Railways Systems KZ» мәліметіне қарағанда келесі құраммен шығады: бірінші пойыз алты вагон, соның алғашқы екеуі – 3-класты универсалды, дәретханалары бар вагондар. Бұларда жолсеріктерге де арнаулы купелер қарастырылған. Үшеуі 3-класты моторлы вагондар және біреуі 3-класты моторсыз вагон. Екіншісі де алты вагоннан тұрады. Бірақ мұнда басқы вагон біреу ғана, алайда ол сапалы, 1-класқа жатады. Мұнда да жолсеріктің купесі, санузелдер қарастырылған. Қалған вагондар бірінші пойыздыкімен бірдей.

Зауыттағы пойыз құрастыру алаңы – 900 шаршы метр. Осы алаңда электрпойыз қозғалтқышты орнатылады, басқа да ондаған құрал-жабдық, соның ішінде орындықтар мен жүксалғыштар құрастырылып, ең соңында тапсырыс берушіге пойыздың жүруі сынақтан өткізіледі. Кәсіпорында 12 мың шаршы метрді құрайтын роботтың жұмыс істеуіне арналған екінші өндіріс корпусын салу да қолға алынған. Оған тартылған инвестиция көлемі –
24 млрд теңге.
ПЕТРОПАВЛ
