Ешкім ұтылған жоқ

<p style="text-align: justify;">1992 жылы АҚШ-тағы &laquo;Southwest Airlines&raquo; әуе компаниясы жарнама нау&shy;&shy;қанында &laquo;Plane Smart&raquo; (&laquo;Ақылмен ұшы&shy;ңыз&raquo;) деген сөз тіркесін қолдана бас&shy;тады. Алайда бұл тіркеске ұқсас &laquo;Just Plane Smart&raquo; деген сөзді бұған дейін &laquo;Stevens Aviation&raquo; компаниясы пай&shy;да&shy;ланып жүрген еді. Сол себепті олар бәсекелестерін сотқа бермек болды.</p>

Ешкім ұтылған жоқ

Бірақ қос компанияның басшылары соттасудың орнына дауды спорт алаңында шешуге келісті. Қалай дейсіз ғой? Олар жұрт­шы­лық алдында қол күрестіріп, жеңімпазды анық­тағысы келді. Жарыс нәтижесінде «Stevens Aviation» директоры жеңіске жетеді. Бірақ ол жо­марттық танытып, қарсыласына осы тіркесті әрі қарай да қолдануға рұқсат береді. Осылай­ша, екі компания өз беделін арттырып, қоғам алдында жағымды имидж қа­лып­тас­тырды.

Бөлісу:
Ешкім ұтылған жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар