Идеядан – брендке

<p style="text-align: justify;">Осы күні миллиондаған әйел қол&shy;да&shy;на&shy;тын &laquo;Maybelline&raquo; марка&shy;сы&shy;ның пайда бо&shy;луына қарапайым отба&shy;сы&shy;лық жағдай себеп болған.</p>

Идеядан – брендке

1915 жылы америкалық кәсіпкер Томас Лайл Уильямс өз әпкесі Мейбелдің ерекше әде­тіне куә болады. Ол кірпіктерін қою әрі ұзын етіп көрсету үшін вазелин мен көмір ұнта­ғын араластырып бояйды екен. Осыны бай­­қа­ған Уильямс төзімді косметикалық құрал­­­дың формуласын жасап шығарып, Амери­ка нарығында алғаш рет кірпікке арнал­ған тушьты ұсынады. Уильямс жаңа өнімін «Maybelline» деп атайды. Бұл атау әпкесінің есімі — Мейбел мен вазелин сөздерін біріктіру арқылы пайда бол­ған. Осылайша, қарапайым идея­дан туған өнім бүгінде жаһандық косметика индус­трия­сының бетке ұстар брендіне айналды.

Бөлісу:
Идеядан – брендке · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар