Қоғам
1 мин оқу 130

Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында құтқарушылар көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен 2 баланы табуға көмектесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, 30 сәуір күні кешке Талғар ауданында екі бала жеке тұрғын үйдің алдында көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Ата-аналар балаларын өздігінен таба алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан түні бойы жалғастырылған іздеу жұмыстарына 2 кинологиялық есептоп пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Бұған қоса, іздеуге балалардың жақындары, жергілікті тұрғындар мен полиция өкілдері қатысты.

- Бірлескен жұмыс нәтижесінде 2020 жылы туған ұл бала үйден 3 км қашықтықта таулы аймақтан түнде табылды. Ал 2015 жылы туған әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан 10 км жерден таңертең табылды. Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды · Egemen Qazaqstan