Қоғам
1 мин оқу 140

Биылғы оқу жылы қай күні аяқталады

<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда соңғы қоңырау күнін кейінге шегеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Биылғы оқу жылы қай күні аяқталады

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды.

Олардың ішінде 217 мыңнан астамы — 11-сынып түлектері. Олар үшін бұл жыл — мектеппен қоштасатын ерекше әрі есте қаларлық кезең.

«Өткен жылдағыдай оқудың соңғы күні – 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма» ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара оқушылар мен ұстаздарға бірлескен жұмыстың қорытындысын шығаруға, бір-біріне ризашылықтарын білдіруге, өтіп жатқан оқу жылының маңызды оқиғаларын еске алуға мүмкіндік береді.

Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мектеп әкімшілігінің шешімімен 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар 23 немесе 24 мамырда өтеді», деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі барлық мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен тең жағдайын қамтамасыз ету мақсатында сән-салтанатпен іс-шаралар ұйымдастыруға, ақша жинауға, көлік жүргізуге, мектеп форматынан тыс мерекелік шараларды өткізуге кеңес берілмейтінін еске салды.

Бөлісу:
Биылғы оқу жылы қай күні аяқталады · Egemen Qazaqstan