Қостанайда жұмыс берушілер форумы өтті
<p style="text-align: justify;">Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Smart» орталығында өткен іс-шара барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері өңірдегі «Allur», «KIA», «Агромаш» және «KamLiT» тәрізді жетекші кәсіпорындардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Форумда қазіргі таңда жергілікті кәсіпорындарға қандай мамандықтар керек екені айтылып, жастарға кәсііби бағыт-бағдар берілді.
«Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында өткізіліп отырған бұл форум – жастарға нақты кәсіпті таңдауға шабыт беретін маңызды алаң. Біздің орталық жол сапасын бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау ісінде де белсенділік танытып келеді. Мұндай іс-шаралар жастардың еңбекке деген құрметін арттырып, ел болашағына сенімді қадам жасауға ықпал етеді», дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалының директоры Абылайхан Ерболұлы Алшынбаев.
Қостанай облысы
