Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 30
Жұмбақ құбылыс
<p style="text-align: justify;">Түркияда 67 жастағы Рахми Кара­демир инсульт алған соң, ана тілін мүлдем ұмытып қалған. Бір қызығы, ол осы жағдайдан кейін дат­ тілінде еркін сөйлеп кеткен.</p>

Сельчук университеті клиникасының неврология кафедрасының меңгерушісі Гекхан Оздемирдің айтуынша, бұл – сирек кездесетін құбылыс. «Рахми мырза түрік тілін түсініп-ақ тұр. Бірақ ол диалогті тек дат тілінде құрады. Бұл құбылысқа оның өзі де аң-таң. Ғылым үшін де әлі толық түсініксіз осы оқиға адам жадының тылсым тереңдігін көрсетеді», дейді профессор.
Бөлісу: