Спорт
1 мин оқу 70
Ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль иеленді. Оның екеуі — алтын, үшеуі — қола, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жасөспірімдер арасындағы сында 59 келі салмақ дәрежесінде Ксения Прозорова мен 61 келіде Бейбарыс Ерсейіт қарсыластарынан оқ бойы озып, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, 71 келіге дейінгі салмақта Кира Данилова, 73 келіде Ернұр Мырзахметов және жастар арасында 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Саулебеков қола жүлдеге ие болды.
Бөлісу:
