Тұлға
1 мин оқу 20

Абай насихатшысы

<p style="text-align: justify;">Халық әртісі, Мемлекеттік сый&shy;лықтың лауреаты, профессор Шахи&shy;мардан Әбілов 75 жасқа толды. Өнер иесі&shy;нің мерейтойына орай Пав&shy;лодар&shy;да &laquo;Шахимардан Абай шы&shy;ңында&raquo; атты жинақтың тұсауы кесі&shy;ліп, С.Торайғыров университетіндегі мәдени іс-шаралар өтетін залға әнші&shy;&shy;нің есімі берілді.</p>

Абай насихатшысы

Шахимардан Қайдарұлын отандастарымыз қайталанбас дауыс иесі ғана емес, ұлы Абай­дың насихаттаушысы ре­тінде де жақсы таниды. Абай шығармашылығын, оның ішінде Қара сөздері мен әндерінің философиясын халықаралық сах­наларда музыка арқылы терең­дете жеткізе білген бірден-бір опера әншісі. Ол тек опера әншісі ғана емес, таным көкжиегі кең, көркем ойлаудың шыңына шыққан бірегей өнер иесі, Абайша ойланып, Әуезовше толғана алған жан.

Жинақ – бір адамның өмір жолы ғана емес, тұтас бір дәуірдің мәдени тынысының айнасы. Кітапта тұлғаның шы­ғармашылығынан бөлек, әнші туралы жазылған мақа­лалар мен зерттеулер де топтастырылған.

– Кезінде ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов: «Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. Қандай қауымды, қан­дай тапты алсақ та қаны мен жанының айнасын өнерге түсірмей тұра алмайды. Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шамы сөн­гені», деген екен. Сондықтан өнерден асқан ұлылық жоқ. Ал бұл еңбек халықтың арқасында келген дүние, – дейді мерейтой иесі.

ПАВЛОДАР 

Бөлісу:
Абай насихатшысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар