Қоғам
1 мин оқу 70

Мақсаты айқын тәрбие бағдарламасы

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен жалпыұлттық құндылықтарға негізделген &laquo;Адал азамат&raquo; атты жаңартылған тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде жиын өтті.</p>

Мақсаты айқын тәрбие бағдарламасы

Басқосуда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баяндама жасады.

Ерлан Қарин бағдарлама­ның негізгі міндеті өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру жұмысын жетілдіру, жүйе­леу екенін айтты. Атал­ған жұмыс барлық білім беру мекемелерін қамтуға тиіс.

Мемлекеттік кеңесші тәрбие үдерісінде кешенді тәсіл қолдану, яғни мемлекет, мектеп және ата-ана арасындағы тығыз ықпал­дастықты жолға қою қажет екенін ескертті.

Кездесу соңында тәрбие бағдарламасын мектептер мен колледждерге енгізу жұмысын жалғастыру туралы тапсырма берілді.

Бөлісу:
Мақсаты айқын тәрбие бағдарламасы · Egemen Qazaqstan