Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты
<p style="text-align: justify;">Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты. </p>

Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.
«Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
