Шымкент
1 мин оқу 90
Шымкентте 9 жасар бала канализацияға құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Шымкентте тоғыз жасар бала футбол ойнап жүріп нөсер канализациясына түсіп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Белгілі болғандай, ол доп ойнап жүріп, абайсызда су өткізгіш құбырға түсіп кетіп, аяғы сол жерге тіреліп қалған.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары баланың аяғын суырып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.
Бөлісу: