Спорт
1 мин оқу 20

Астаналық каратэшілер елге оралды

<p style="text-align: justify;">Осы айдың 8-12 күндері Германияның Лейпциг қаласында киокушинкай-кан каратэден жастар арасында әлем чемпионаты өтіп, оған 40 елден 900-ге жуық спортшы қатысқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Астаналық каратэшілер елге оралды

Аталған додада жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы үздік атанды, ал елордалық каратэшілер 1 алтын, 1 күміс, 3 қола, барлығы 5 медаль жеңіп алды.

Нақты атағанда, Ратбек Батырхан (16-17 жас, 65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Амира Аққазинова (14-15 жас, 50 кг дейін) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, Мұхаммедали Қойшыбай (16-17 жас, 60 келіге дейін), Ұлжан Рақышева (18-21 жас, 65 келіден жоғары), Айбек Аманов (18-21 жас, 80 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

gov.kz

Қала әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше ел намысын әлемдік деңгейде абыроймен қорғаған елордалық жас спортшыларды әуежайда туған-туыстары, достары, жаттықтырушылары және жанкүйерлері қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.

Бөлісу:
Астаналық каратэшілер елге оралды · Egemen Qazaqstan