Туризм
1 мин оқу 30

Елдегі экотуристер саны 40 пайызға артқан

<p style="text-align: justify;">Кейінгі үш жылдағы дерекке сүйенсек, елімізде экотуристер саны тұрақты түрде артып келеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елдегі экотуристер саны 40 пайызға артқан

2022 жылы экотуристер саны 2 миллион адамға жетсе, 2023 жылы 2,4 миллион адам болған, ал 2024 жылы 2,8 миллионға көбейіп, кейінгі үш жыл бойынша 40%-ға өскен.

Ең көбірек сұранысқа ие бағыттар бойынша Алматы маңындағы Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтынемел және Көлсай көлдері саналады екен.

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 14 ұлттық саябақ тұрақты туризм қағидаттарына сәйкес инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Туристердің жайлы демалысы үшін визит-орталықтар, кемпингтер, глэмпингтер және өзге де нысандар салынып жатыр. Кейінгі жылдары тағы 8 заманауи визит-орталық пайдалануға берілген.

Бөлісу:
Елдегі экотуристер саны 40 пайызға артқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар