Теннис
1 мин оқу 40

Александр Бублик халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Ерлер арасында еліміздің көшбасшы теннисшісі Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде топ жарды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Александр Бублик халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Отандасымыз турнир финалында қытайлық Бу Юньчаокэтэге қарсы ойын көрсетті. Екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Александр Бублик үшін бұл — ATP Challenger санатындағы жекелей сында жеңіп алған жетінші титул және топырақты корттағы алғашқы жеңіс.

Айта кетейік, оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.

Бөлісу:
Александр Бублик халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды · Egemen Qazaqstan