Қазақстан шайбалы хоккей құрамасы АҚШ-қа есе жіберді
<p style="text-align: justify;">Данияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінің кезекті сынында ел құрамасы АҚШ спортшыларынан жеңілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ойынның алғашқы кезеңінде есеп ашылмағанмен, екінші кезеңде қарсылас құрамасы бес бірдей жауапсыз шайба соқты.
Үшінші кезеңде Зак Веренски есепті 0:6-ға жеткізді. Владимир Волков аз құрамда алға шығып, Қазақстан құрамасы соққан жалғыз голдың авторы атанды. – 1:6.
Қазақстан – АҚШ 1:6 (0:0, 0:5, 1:1) ойынында қақпадан саңылау тапқан спортшылар:
0:1 – 26:58 – Назар (Лакомб, Эйссимонт)
0:2 – 31:46 – Лакомб (Назар, Маккарон)
0:3 – 34:00 – Томпсон (Буйюм, Пинто)
0:4 – 34:58 – Бенирс (О’Коннор)
0:5 – 39:04 – Кесселринг (Назар, Эйссимонт)
0:6 – 45:54 – Веренски (Кесселринг, Келле)
1:6 – 59:10 – Волков (Қазақстан)
Федерацияның баспасөз қызметінің дерегінше, қазір Қазақстан турнирлік кестеде соңғы орындарда. Сондықтан Олег Болякиннің шәкірттері элиталық дивизионнан шығып қалуы мүмкін. Бұл Венгрия – Норвегия және Швейцария – Қазақстан (біздің құрама үшін соңғы матч) ойындарының нәтижесінде айқындалады.
