Жаңалықтар
1 мин оқу 350

Алматыдан 209 шақырым жерде жер сілкінісі болды

з│лзалаАЛМАТЫ. 6 мамыр. Алматыдан 209 шақырым аумақта таңғы сағат 03:51-де 3,5 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйеніп, tengrinews.kz хабарлады. Зілзаланың ошағы Алматы облысының Кеген ауылынан 22 шақырым жерде, 4 километр тереңдікте болғаны анықталды. Зардап шеккендер, бүлінген ғимараттар мен тұрғын үйлер туралы ақпарат түскен жоқ. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz.
Бөлісу:
Алматыдан 209 шақырым жерде жер сілкінісі болды · Egemen Qazaqstan