Спорт
1 мин оқу 60
13 жасар теннисші тағы топ жарды
<p style="text-align: justify;">Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова аталған турнирде Италия, Испания, Венгрия, Германия, Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен ұтып, 13 жасқа дейінгілер арасында алтыннан алқа тақты.
Еске салайық, отандасымыз осыдан 3-4 күн бұрын Болгарияның Панагюриште қаласында WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.
Айта кетелік, Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словения, Мысыр, Словакия, Венгрия, Италия елдерінде де үздіктер қатарында көрінген.
Бөлісу:
