Аймақтар
1 мин оқу 40

СҚО-да кене қаптап, бес адам ауруханға түскен

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында кене қаптап, бір жарым ай ішінде дәрігерге 408 адам жүгінген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды<strong>&nbsp;</strong><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

СҚО-да кене қаптап, бес адам ауруханға түскен

Күннің ерте жылынып, ауаның жоғары температурасы қыстағы ұйқыдан кейін аталған жәндіктердің тезірек оянуына себеп болған.

Эпидемиологтардың ескертуінше, кенелердің агрессивті мінез-құлқы – мамыр айында қалыпты жағдай, табиғат аясында серуендеген кезде аса сақ болу қажет.

Алдын алу шаралары жүргізілгеніне қарамастан, жұқтырған жағдайларды толық болдырмау мүмкін болмаған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 5 адамға «кене энцефалиті» диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылған. Үшеуі Петропавлда, екеуі Қызылжар ауданында тіркелген 5 науқастың да жағдайы тұрақты, қайтыс болғандар жоқ.

Бөлісу: