Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 6 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Қытайдың оңтүстік өңірлерінде толассыз жауған жаңбыр су тасқынына ұласып, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында кемінде алты адамның өмірін жалмап, тағы екі тұрғын із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елдің Ұлттық метеорологиялық орталығының хабарлауынша, ауа райының күрт нашарлауы әсіресе Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу мен Шэньчжэнь қалаларын қиын жағдайға душар еткен. 700-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, мүлде тоқтатылған.
Метеорологтар 27–29 мамыр аралығында Қытайдың оңтүстігінде 2025 жылдың басынан бергі ең күшті жауын-шашын болады деп болжап отыр. Табиғи апаттардың қаупі жоғары деңгейде қалады.
Соған байланысты жексенбі күні билік Юньнань провинциясында су тасқынына байланысты «көгілдір» ескерту деңгейін жариялаған.
