Робот-мейірбике

<p style="text-align: justify;">&laquo;Nurabot&raquo; дәрі-дәрмек пен медици&shy;налық құралдарды тасиды, келу&shy;шілерге жол көрсетеді, тіпті бөлім&shy;шеде кезекшілік те атқарады.</p>

Робот-мейірбике

Тайвань ауруханаларында «Nurabot» атты медициналық робот сынақтан өтті. Оны «Foxconn» мен «Kawasaki» компаниялары «NVIDIA» технологиясымен жасап шығарған. Робот мейірбикелер­дің жүктемесін 30%-ға дейін азайтады. Құрылғы «FoxBrain» атты жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Робот іске кіріспес бұрын, цифрлық ауруханада оқытылған. Қазір ол Тайчжун қала­сындағы Ардагерлер госпиталінде жұмыс істеп жүр.

Бөлісу:
Робот-мейірбике · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар