Мінезі біртүрлі маймылдар

<p style="text-align: justify;">Панамадағы Хикарон аралында ақбетті капуцин маймылдары біртүрлі мінез көрсете бастады. Олар басқа түрге жататын рева маймылдарының ұрпағын ұрлап, бірнеше күн бойы арқаларына асып жүретінді шығарған.</p>

Мінезі біртүрлі маймылдар

Бұл құбылыс 2022 жылы орман камераларынан байқалған. Алғаш болып жас капуцин – Джокер есімді маймыл баланы тартып алған. Кейін бұл әрекетті тағы төрт капуцин қайталаған, барлығы 11 рева маймылының ұрпағы осылай ұрланған. Көп жағдайда балалар тірі қалмайды. Ғалымдар бұл рева маймылдарының жойы­лып кетуіне әкелуі мүмкін деп дабыл қағып отыр.

Бөлісу:
Мінезі біртүрлі маймылдар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар