Форум
2 мин оқу 80

«Толық адам» тағылымы

<p style="text-align: justify;">Шәкәрім университетін&shy;де Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай &laquo;Абай&shy;дың толық адам ілімі: ұлт&shy;тық құндылықтар мен заманауи көзқарас&raquo; атты республикалық жас&shy;тар форумы өтті. Айтулы іс-шара Ғылым және жоғары білім ми&shy;нистр&shy;лігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Оған абайтанушы ға&shy;&shy;лым&shy;дар, еліміздегі жоғары оқу орындарының бас&shy;шылары мен студенттер қатысты.</p>

«Толық адам» тағылымы

Форум мақсаты – Абайдың «Толық адам» ілімін жастар ара­сында насихаттау, ұлттық құнды­лықтарды дәріптеу және заманауи көзқарастармен байла­ныстыру.

Мазмұнды жиынның ашылуында Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков іс-шараға қатысып отырған қауымға құттықтау сөзін арнап, форум жұмысының маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жол­да­уында Абайдың «Толық адам» ілі­мін жастардың зияткерлік тәр­­биесінің өзегіне айналдыру керек­тігін баса айтқан болатын. Бұл үрдіс мәдени бастама ретінде емес, жауапты, кемел, ойлы азаматты қалыптастырудың стратегиялық моделіне айналуға тиіс. Өйткені бұл – қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы­ның іргетасы. Бүгінгі форум хакім Абайдың «Толық адам» ілімін ұлттық және заманауи тұр­ғы­да тереңірек түсініп, әр қы­ры­нан талдап, маңызын зерде­леуге арналып отыр», деді ол. Фо­рум­ның пленарлық отырысында Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігі Жоғары және жоғары оқу ор­нынан кейінгі білім комитеті төр­ағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, Назарбаев уни­верситетінің профессоры Гүлтас Құрманбай, Астана қаласы бо­йынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Қанат Оспанов және ­абайтанушы, әуезовтанушы Әзімхан Исабек сынды ғалымдар хакімнің «Толық адам» ілімі туралы парасатты сөз сабақтады.

Ғалым Гүлтас Құрманбай Абай­­­дың тағылымы мол қара­сөз­дері мен өлеңдеріндегі пәлсапа­лық ой-тұжырымдарды қазіргі күн­­мен сабақтастыра сөйлеп, дала данышпанының мұрасы бү­гін­де тұтас бір халықтың адас­тыр­мас темірқазығы, рухани қай­на­ры, сарқылмас қазынасы болып отыр­ғанын жеткізді. Ол Абай ілі­мін зерделеуді жаңа белеске кө­теру үшін жаңа технологияға бейім­деуіміз керек дейді.

Жиын аясында «Абай жас­тары» жастар орталығы семинар-тренинг өткізіп, «TED talks» фор­матында өз ойларымен бө­лісті. Сондай-ақ ең белсенді қаты­сушыларға Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хаты мен сертификаты табыс етілді.

Іс-шара соңында форумға кел­ген делегация өкілдері Абай облысының киелі орындары – Күшікбай мемориалы, Бөрілі, Сырт Қасқабұлақ, Жидебай, Абай-Шәкәрім кешенін аралап, рухани әсер алды.

Бөлісу:
«Толық адам» тағылымы · Egemen Qazaqstan