Жаңалықтар
1 мин оқу 331

«Ислам мемлекетінде» 21 египеттік өлім жазасын алды

06-10-14-IG-3

АСТАНА. 13 ақпан. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобырының содырлары Ливияда 21 египеттікті өлтірді. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасаған ТАСС хабарлады. Ислам қозғалысы «Дабик» басылымының бетінде жарияланған «Джунуд вилайет Тарабулус» («Триполи уәләятының солдаттары») деген мақалада терроршылар «21 копты тұтқынға алып, өлтіріп жібергендерін» баяндайды. Бұған дәлел ретінде олар газет бетіне тұтқындарымен бірге теңіз жағасында түскен суреттерін орналастырған. Бірақ жазалау шарасының қашан жасалғаны айтылмаған. Мұрат Айтқожа.  
Бөлісу:
«Ислам мемлекетінде» 21 египеттік өлім жазасын алды · Egemen Qazaqstan