Оқиға
1 мин оқу 60
Шавкат Мирзиёев Астанаға ресми сапармен келді
<p style="text-align: justify;">Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айта кетейік, Өзбекстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктесі. Мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемі 2024 жылы $4,1 млрд-қа жеткен. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш $1 млрд-ты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артқан.
Тараптар өзара тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуге ниетті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары – су-энергетика және транзиттік-көлік салалары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы.
Бөлісу:

