Табиғат
1 мин оқу 80
Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа 25 рет түскен
<p style="text-align: justify;">Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарларды зерттеу үшін фототұзақтар орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2025 жыл басталғаннан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) фототұзаққа 25 рет түскені тіркелген.
Фототұзақтар арқылы тұрақты мониторинг жүргізу – жануарлардың белсенділігін, қозғалыс бағыттарын, мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді әрі мекендеу аумақтарын анықтауға және табиғи факторлардың популяцияға әсерін бағалауға септеседі.
Бөлісу:
