Ауа райы
1 мин оқу 70

Қазақстанда аптап ыстық болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қазақстанда аптап ыстық болады

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

«1 маусым күні күндіз оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда, 2 маусымда батыста және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Батыс пен солтүстік-батыста аптап ыстықтың беті қайтады. Ал қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, орталық пен оңтүстікте күндіз 35-40 градусқа дейін аптап ыстық болады», деп хабарлады «Қазгидромет».

Бөлісу:
Қазақстанда аптап ыстық болады · Egemen Qazaqstan