Инфрақұрылым
1 мин оқу 80

Сәтбаев қаласының жылу магистральдары күрделі жөндеуден өтуде

<p style="text-align: justify;">Сәтбаев қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда №1 және №2 магистральдік жылу желілерін заманауи, полиуретанды оқшауланған (ППУ) құбырларға ауыстыру бойынша реконструкциялау басталды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.&nbsp;</p>

Сәтбаев қаласының жылу магистральдары күрделі жөндеуден өтуде

Жалпы ұзындығы 10,6 шақырымды құрайтын екі жоба іске асады. Қазіргі күні 1,6 шақырым желіде жұмыстар жүргізілуде.

Мердігер ұйымдар: «Сарыағаш-Аман» ЖШС және «АСТАНАИНЖКОМСТРОЙ» ЖШС. Жобаның жалпы соммасы 9,2 млрд теңге.

Айта кетерлігі, бұл – жылу желілеріне соңғы 50 жыл ішінде жасалып отырған ең ауқымды және күрделі жөндеу.

Біз тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бар күшімізді саламыз. Жылу жүйесін жаңғырту – осы мақсатқа жетудің маңызды бөлігі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы әрі тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Жылы әрі жарық үйлер – бұл тек жайлылықтың емес, болашаққа деген сенімнің, бір-бірімізге деген қамқорлық пен жауапкершіліктің көрінісі.

Бөлісу:
Сәтбаев қаласының жылу магистральдары күрделі жөндеуден өтуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар