Аймақтар
1 мин оқу 160

Түркістан облысында «Қарасора-2025» басталды

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен өңірдің полиция департаментінде &laquo;Қарасора-2025&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасының ресми ашылуы өтіп, оған ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, департаменттің жедел құрылым қызметкерлері және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кеңестің мүшелері қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысында «Қарасора-2025»  басталды

Ауқымды іс-шараға арнайы техника, дрондар және тікұшақтар тартылып, өңірде 18 мобильдік топ құрылды және республикалық маңызы бар автожолдарда екі бақылау-өткізу бекеті орнатылды.

«Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Саховтың мәлімдеуінше, заңсыз айналымнан 200 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп, екі бірдей фитозертхананың қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ ҚР ІІМ өкілдері Халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Яссы колледжінің студенттерімен кездесіп, есірткінің ағзаға зияны мен қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Сондай-ақ, ведомствоаралық штаб пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мәжілістері өткізіліп, атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланды.

Бөлісу:
Түркістан облысында «Қарасора-2025» басталды · Egemen Qazaqstan