Айбын
1 мин оқу 50

Сарбаздар грантқа ие болды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде қызметін мінсіз атқарған Ұлттық ұлан сарбаздары жоғары білім грантына ие болды. Енді олар елдің жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алады.</p>

Сарбаздар грантқа ие болды

Әскери бөлім басшы­лы­ғының айтуынша, грант­тар жауынгерлік, тәр­тіптік және оқу дайындығында үз­дік нәтиже көрсеткен сарбаздарға бері­ліп отыр. Әр сарбаздың жетістігі күн­делікті бақылауға алынып, арнайы журналдарда тіркеледі. Жүйелі түрде жүргізілетін рейтинг нәтижесі электрондық форматта сарапталып, шешім әділ түрде қабылданады.

– Грант иегерлері – азаматтық борышын абыроймен өтеп, әскери дайындықта жоғары көрсеткішке қол жеткізген жастар. Биыл осындай мүмкіндікке 21 сарбаз ие болды. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпестен-ақ еліміздің беделді университеттеріне түсе алады, — дейді бөлім командирінің орынбасары Дәурен Рахымбеков.

Білім грантына ие болған сарбаздың бірі — Ғалымжан Көшер. Ол «Срочник.02» бағдарламасы арқылы өз армандаған оқу орнына түсу мүмкіндігіне ие болған.

– Ұлттық ұланда қызмет ете жү­ріп, өз болашағыма нақты қадам жаса­дым. Бұл мүмкіндік үшін командир­леріме зор алғыс білдіремін. Мен «Astana IT University» оқу орнын таң­дап отырмын, – дейді қатардағы жауынгер.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Сарбаздар грантқа ие болды · Egemen Qazaqstan