Ақтөбеде әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
<p style="text-align: justify;">«Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 22–28 маусым аралығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Оған Қазақстаннан және шет елдерден мыңнан астам жас патриот қатысады. «Айбын» жиынының басты идеясы – рухани құндылықтарды сақтау, озық дәстүрлерді нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық рухта және Отанды қорғауға әркез дайын болуға тәрбиелеу.
Жиын барысында қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сынға түсіп, көшбасшылық, командалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар тарихи-танымдық кездесулер, әскери техника көрмесі мен батырлар рухына арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылады.
Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ студенті
