Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 40
Алып су құйыны
<p style="text-align: justify;">Маелстром – өте күшті су құйыны. Мұндай табиғи құбылыстың ең әй­гілі мысалы – Норвегиядағы Сал­тс­траумен бұғазы.</p>

Салтстраумен – Норвегияның Нордланд аймағында, Бодо қаласынан 30 шақырым шығысқа қарай орналасқан бұғаз. Бұл жер әлемдегі ең күшті толқынды ағындардың бірі ретінде танылған. Онда 6 сағат сайын тар бұғаз арқылы 400 млн-нан астам текшеметр теңіз суы ағып өтеді. Тар жолда өте үлкен көлемдегі су ағып өтетіндіктен ол жерде алып су құйындары – маелстромдар пайда болады. Бұл табиғаттың ерекше әрі қуатты құбылысы болып саналады.
Дайындаған –
Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,
ЕҰУ-дың 3-курс студенті
Бөлісу: