ЖОЛДАУ
1 мин оқу 50

Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады

<p style="text-align: justify;">Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады
Биыл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін барлығы 170 мыңнан астам студент тәмамдайды.
 
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 170 мыңнан астам студенттің ішінде 123 мыңы – жұмысшы мамандықтары бойынша, 27 мыңы – дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал 10 мыңнан астамы – кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алған. Жұмыспен қамту көрсеткіші 81 пайызды құрап отыр.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 қыркүйектен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту толықтай тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70%-ы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен 10 мың студент білім алады.
Бөлісу:
Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар