Әлем
1 мин оқу 60

Аустрия мектептерінің бірінде атыс болып, 8 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Аустрияның Грац қаласындағы мектепте болған атыс салдарынан кемінде 8 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Kronen Zeitung агенттігіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Аустрия мектептерінің бірінде атыс болып, 8 адам қаза тапты

Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, мектеп оқушыларының бірі атысқа күдікті ретінде танылып отыр. Оның шабуылдан кейін өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екені хабарланды.

Kronen Zeitung басылымының дерегінше, күдіктінің мәйіті мектептегі дәретханалардың бірінен табылған.

Қайғылы оқиға кезінде күдікті екі сыныпқа оқ атқан. Полиция BORG мектебі маңында арнайы операция жүргізіліп жатқанын растады.

Бөлісу:
Аустрия мектептерінің бірінде атыс болып, 8 адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan