100 ЖИ фабрика
<p style="text-align: justify;">«Nvidia» компаниясы алдағы 50 жыл­­да әлем бойынша 100-ге жуық жа­санды интеллект фабрикасын ашуды көздеп отыр. Бұл – кә­дім­­гі өндіріс зауыты емес, арнайы ЖИ модельдерін үйретіп, іске қосу­ға арналған қуатты деректер орта­лық­тары болмақ.</p>

Компания басшысы Дженсен Хуангтің айтуынша, ЖИ инфрақұрылымы алдағы уақытта интернет сияқты әлемнің барлық түкпірін қамтитын болады. Бұл жүйелер графикалық және орталық процессорлардың ең озық түрлерін – «GB200», «GB300», «Rubin» архитектурасын қолданатын «Kyber» жүйелерін пайдаланады. Бұлар бұрын-соңды болмаған есептеу қуатын береді. «Nvidia» қазіргі таңда Тайваньда, АҚШ-тағы Аризона мен Техаста, Сауд Арабиясында жаңа ЖИ фабрикаларды салу бойынша әріптестік келісімдер жасап үлгерген.