Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 10
Ерекше ДНҚ-талдау
<p style="text-align: justify;">Америкалық «Nucleus Genomics» компаниясы ЭКО арқылы бала сүюге ниетті ата-аналарға арналған жаңа ДНҚ-талдау бағдарламасын ұсынды. Технология бірден 20 эмбрион­ның генетикалық профилін саралап, 900-ден астам тұқым қуалайтын ауруды анықтайды.</p>

Құрылғы тіпті болашақ баланың бойын, көз бен шашының түсін, «IQ» деңгейін, психикалық бұзылысқа бейімділігін де болжай алады. Нәтижені ата-аналарға генетик мамандар түсіндіріп береді. Жобаның негізін қалаушы Киан Садеги жүйені туысқаны генетикалық дерттен қаза болғаннан кейін ойлап тапқан. Ол бұл скринингті адам өмірін ұзартудың жаңа әдісі ретінде ұсынып отыр.
Бөлісу: