Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 60
Амазонның ақылды роботтары
<p style="text-align: justify;">«Amazon» компаниясы қойма­ла­рын ақылды роботтармен жаб­дық­­тауды қолға алды. Ком­па­ния құ­ра­мындағы құпия зертхана – «Lab126» жаңа буын жасанды интел­лект агенттерін жасау бағы­тын­да жұмыс істеп жатыр.</p>

Роботтар әртүрлі тапсырманы орындауға және адам берген бұйрықты түсініп, жүзеге асыруға қауқарлы болмақ. Мұндай роботтардың қоймада атқаратын негізгі міндеттері – жүк көліктерінен тауар түсіру, жөндеуді қажет ететін бөлшектерді анықтау және күрделі логистикалық жұмыстарға икемделу. «Amazon»-ның мәлімдеуінше, бұл жаңашылдық логистикадағы жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, көмірқышқыл газының таралуын азайтады.
Бөлісу: