Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 20
Ең үлкен жүрек
<p style="text-align: justify;">Жер бетіндегі ең ірі жануарлар­дың бірі – көк кит. Оның жүрегі 600 килодан асады. Көлемі шамамен жеңіл көлік­тей. Бұл адамның жүрегінен шамамен 1000 есе ауыр.</p>

Ең таңқаларлығы, бұл алып жүректің соғысын су астында 3 шақырым жерден естуге болады. Су бетіне шыққанда жүрек соғысы минутына 8-12 рет, тереңге сүңгіген уақытта 2-3 ретке дейін баяулайды. Көк киттің жүрегі секунд сайын 220 литрге дейін қан айдай алады, бұл үлкен автокөліктің қозғалтқышынан әлдеқайда мықты жүйе.
Дайындаған –
Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті
Бөлісу: