Төтенше жағдай
1 мин оқу 40
Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдай кезінде қызыл жалын шамамен 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Бірнеше тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар өрт құшағында қалған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 15 техника мен 50-ден астам қызметкердің көмегімен жалынды толық ауыздықтаған.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
