Спорт
1 мин оқу 50

Волейболшылар жартылай финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Ханойда (Вьетнам) волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогінде Қазақстан өз тобындағы соңғы кездесуін&nbsp; Филиппинмен өткізіп, 3:0 (25:21, 25:15, 25:19) көрсеткішімен жеңілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Волейболшылар жартылай финалға шықты

Qazsporttv мәліметінше аталған нәтижеге Сана Анарқұлованың ойынға қатыспауы әсер етті. Еске салайық, волейболшы Иранмен өткен ойында жарақат алған еді.

Осылайша, В тобынан жартылай финалға Филиппин 13 ұпаймен бірінші, Қазақстан екінші орынмен жолдама алды.

Ұлттық құрама жартылай финалда турнир қожайындарымен кездеседі. Былтыр отандастарымыз дәл осы құрамаға финалда есе жіберген.

Бөлісу:
Волейболшылар жартылай финалға шықты · Egemen Qazaqstan