Сұхбат
3 мин оқу 72

«Келешек мектептері» – тең мүмкіндік пен кәсіби бағдар

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан &laquo;Келешек мектептері&raquo; ұлттық жобасы аясында 2024&ndash;2025 жылдары 460 мың оқушыға арналған 217 заманауи мектеп іске қосылады. Бұл бастама білім саласындағы инфрақұрылымдық теңсіздікті жойып, оқушыға жайлы орта мен сапалы білім көздейді. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова жобаның ауқымы мен ерекшелігі туралы толығырақ айтып берді.</p>

«Келешек мектептері» – тең мүмкіндік пен кәсіби бағдар

– Мемлекет басшысының бас­тамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жоба­сының негізгі мақсат-міндеттері орындалып жатыр ма? Осы арқылы қандай түйткілді мәсе­лелер шешімін табады?

– «Келешек мектептері» жобасы – қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама. Жобаның мақсаты – еліміздің барлық өңірінде кез келген балаға қолжетімді жаңа форматтағы білім ұйымдарын құру. Жоғары сапалы білім стандарттарын жаппай енгізу арқылы әр баланың жан-жақты дамуына және өз әлеуетін толық ашуға тең мүмкіндік жасау. Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заман талабына сай жағдайда сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Келешек мектептерінің» 40%-ы ауылдық елді мекендерде салынып жатыр. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласын заман талабына сай жайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жоспарланған. «Келешек мектептерінің» басты артықшылығы – онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім кеңістігі жасалған. Бұл мек­теп­тер­дің көлемі типтік жобаларға қарағанда 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жарақтануы жағынан 4 есеге артық. Сондықтан мектептегі орын тапшылық мәсе­­лесі біртіндеп шешілетін болады.

– Заманауи технологиямен жабдықтау және қауіпсіздік жүйесіне тоқталып өтсеңіз?

– Мектептерде роботтехника каби­неттері, STEM-зертханалар, хо­рео­графия залдары, коворкинг ай­мақтары, 4 спорт залы бар, за­манауи пәндік кабинеттер, ал­ғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар қарас­тырылған. Барлық мектеп заманауи жиһаздармен және оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталып, әрбір оқу кабинеті үшін қажетті техникалық құралдар жиын­тығы қамтамасыз етілген. Бұның бар­лығы ұстаздардың жұ­­мы­сын жеңіл­детіп, оқушы­­лардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұлттық жоба аясында салынған мектептерде қауіпсіздік жүйелері күшейтілген.

– «Келешек мектептерінің» қандай артықшылығы бар?

– Қарым-қабілетіне қара­мас­тан кез келген балаға жағдай жа­сал­ған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жет­­­кін­­шектер үшін де жеке санитар­­лық бөлмелер, кең кабинеттер, жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері қарас­тырылған. Сондай-ақ мұғалім­дер интерактивті технологиялар мен пәндік зертханаларды қолдана отырып, әр оқушының қызығушылығы мен қабілетіне қарай тұлғалық дамуы­на жол ашады. Білім барысында Президент белгілеген «Адал азамат» тұжырымдамасының негі­­зін­де оқушыларды әділ­дікке, еңбекқорлыққа және адам­гер­шілікке баулитын құн­ды­­лықтар жүйесі қалып­­­тас­қан. Мек­тептегі білім үде­рісі тек оқыту емес, өмірге бейім­­деу, жауапкершілік сезімін ояту және қоғамдық сананы дамы­­­туға бағытталған. Бұл мектептерде балалардың бо­­­йында эко­логиялық мәдениетті қалып­­тас­­ты­ру, қоршаған ортаны қорғау, ресурс­­­­­тарды үнемді пайдалану сияқты жауапкершілікті сезіну дағ­­дыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Осы қағидалар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеясын балаларға мек­­­тептен бас­тап бойына сіңіру­­ді көздейді.

Жобаның негізгі басымдық­­тарының бірі – оқушыларға ерте жас­тан кәсіби бағдар беру. Бастауыш сынып­тарда түрлі мамандық иелері­мен кездесулер, арнайы апталықтар ұйым­­­­дас­ты­рылады. 7-сыныптан бастап тереңдетілген бейіндік оқыту, тәлімгерлік жүйесі және жеке білім курстары енгізіледі. Бұл үдерісті тиімді үйлестіру және басқару мақсатында «Мансап компасы» атты арнайы цифрлық платформа әзірленіп отыр.

– Жоба бойынша кадр саясаты қалай жүргізіледі?

– Жобаның басты міндеттерінің бірі – жаңа технологиялар мен әдіс­терді тиімді қолдана алатын білік­ті мұғалімдермен қам­та­ма­сыз ету. «Келешек мектептерінде» педагогтердің кәсіби даму үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Осы мақсатта мұғалімдерге арнал­ған жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бүгінгі күні 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті.

«Келешек мектептері» моделі еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептің дамуына негіз болмақ. Пысықталған стандарттар, әдістемелер, және басқару шешімдері бүкіл республика бо­йынша таратылады.

Әңгімелескен –

Айтолған ЖҮНІСХАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Бөлісу:
«Келешек мектептері» – тең мүмкіндік пен кәсіби бағдар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар