Жерді салқындату тәсілі

<p style="text-align: justify;">Адамзат талайдан бері ғаламдық жылынудың салдарын сезініп келеді. Климат өзгеріп, аптап ыс&shy;тық жиілеп, мұздықтар еріп жатыр. &shy;Осын&shy;дай сәтте британдық ғалым&shy;дар Жерді салқындатудың тосын әрі таңғаларлық тәсілін ұсынды.</p>

Жерді салқындату тәсілі

Зерттеушілер мұхит тұзын ауаға шашу арқылы Күн сәулесін кері қайтармақшы. «Reflect» атты ғылыми жобаның мақсаты – теңіз үстіндегі бұлттардың жарықтығы мен шағылыстырғыштығын арттыру. Ол үшін арнайы құрылғылар арқылы теңіз тұзының ұсақ бөлшектері ауаға шашылады. Бөлшектер бұлттардың құрамы­на қосылып, оларды «ағартуға» сеп болады. Ақ бұлттар Күн сәулесін көбі­рек шағылыстырып, Жер бетіне түсетін жылу мөлшерін азайтады деген есеп бар. Ғалымдар зертханалық жағдайда және ашық теңізде тәжірибе жүргізуді жос­парлап отыр.

Бөлісу:
Жерді салқындату тәсілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар