Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 50
Чип жасайтын ЖИ
<p style="text-align: justify;">Қытай Ғылым академиясы процессор чиптерін бірнеше күнде автоматты түрде жобалайтын «QiMeng» атты жасанды интеллект жүйесін таныстырды.</p>

Бұрын мұндай жұмысқа бірнеше апта кететін. «QiMeng» көмегімен қытай зерттеушілері «Intel 486» және «Arm Cortex-A53» деңгейіндегі екі чип жасап шығарған. Жүйе чип архитектурасын, бағдарламалық кодты, операциялық жүйе мен компиляторды өздігінен құрастырады. Бұл бастама АҚШ-тың Қытайға қарсы технологиялық санкцияларынан кейін пайда болды.
Бөлісу: