Ай нұрымен ашылатын гүл

<p style="text-align: justify;">Табиғатта түнде ғана гүлдейтін өсімдіктер бар. Мысалы, түнгі сұлу гүл мен айгүл ымырт түскенде ғана ашылып, таң атқанда қайта жабылады.</p>

Ай нұрымен ашылатын гүл

Ғалымдардың айтуынша, түнде гүлдейтін өсімдіктер осылай түнгі жән­діктерді, көбелектер мен жарқанаттарды, өзіне тартады. Сонымен қатар мұндай гүлдердің түсі ақ немесе ашық болады, себебі олар ай жарығында жақсы көрінеді. Ал хош иісі өте күшті, ол алыстан-ақ сезіледі. Яғни гүлдердің түнде ашылуы – табиғаттың түнгі тіршілікке бейімделген ерекше тәсілі.

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті

Бөлісу:
Ай нұрымен ашылатын гүл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар